Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл

0
20

Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев XXXIV сессияда берген тапсырмасына сәйкес, мәдениет пен өнерді «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын ілгерілету ісіне белсенді тарту қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

«Облыстық ассамблея ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау және жастарды қоғамдық өмірге тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Ассамблея өкілдері нағыз азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуде. Бұл – еліне адал қызмет ететін, сөзі мен ісі үндес «Адал азамат» ұғымының шынайы көрінісі», деді өңір басшысы.

Сессия — бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылайтын тиімді диалог алаңына айналды.

Сонымен қатар, сессия барысында өңірдегі бірлік пен татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін белсенді қатысушылар «Алғыс» төсбелгісімен және алғыс  хаттармен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ