Дидардың оқиғасы— кәсібіне деген адалдық пен үнемі өзін жетілдіруге деген ұмтылыс

0
21

Қазақстанның ТЖМ 30 жыл ішінде кәсібилік пен іске адалдыққа негізделген қуатты әрі үйлесімді қызметке айналды. Ведомство тарихында қоғамның қауіпсіздігі үшін күн сайын өмірін қауіпке тігетін қызметкерлердің ондаған мың ерлік істері бар. Бүгінде жас құтқарушылар бұл мұраны жалғастырып, жүйені дамытып, жетілдіруде. Мерейтой аясында біз адамдарға көмектесуді өмірлік жолы ретінде таңдаған ТЖМ құрдастарының оқиғаларымен бөлісуді жалғастырамыз.

Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Шемонаиха қаласындағы №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дидар Әшімхан. Ол да ведомствоның құрдасы. Қазіргі таңда 30 жастағы Дидардың қызметтегі еңбек өтілі 12 жылдан асады. Соның ішінде ол алты жылда өрт сөндіру және төтенше жағдайларды жою ісімен тікелей айналысты.

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі Дидар өз еңбек жолын жас маман ретінде бастап, бүгінде бөлім басшысы болып қызмет атқарады. Оның кәсіби жетістіктерінің қатарында – ұн комбинаты мен элеваторда болған ірі өрттерді сөндіруге қатысуы, сондай-ақ күшті түтін мен жоғары қауіп-қатер жағдайында адамдардың өмірін құтқару сияқты ерлік әрекеттері бар.

Дидар спортпен белсенді түрде айналысады, әсіресе волейболға ерекше қызығушылық танытады. Ол күштік құрылымдар арасында өткен республикалық жарыстар мен ҚР ТЖМ-нің XIV қысқы спартакиадасында екі рет жүлдегер атанып, екінші орынды иеленген. Оның айтуынша спорт тек физикалық дайындықты ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық тепе-теңдікті де сақтауға көмектеседі. Бұл әрбір құтқарушы үшін аса маңызды қасиет.

Бос уақытын ол отбасымен бірге өткізгенді жөн көреді. Оның жұбайы Назым да төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет атқарады, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде инспектор болып еңбек етеді.

«Қызмет туралы әңгіме болғанда, отбасымызда бір-бірімізді бірден түсінеміз. Жұмыстағы үлкен жүктеме кезінде мұндай қолдау өте маңызды», — дейді Дидар.

Өткен жылы оның бастамасымен Шемонаиха ауданында құтқарушылар аллеясы ашылып, «Құтқару миссиясы — асыл жандардың абыройы» деген мағыналы атаумен ескерткіш монумент орнатылды. Бұл жоба кәсіби салаға деген құрмет пен әр күн сайын өзгелердің амандығы үшін өмірін қатерге тігетін батырлардың ерлігін еске алудың белгісі болды.

«Барлығы әрқайсымыздан басталады. Біз ТЖМ жарқын болашағына сенеміз және өз еңбегімізбен әрі үлгімізбен қызметімізді нығайтып, дамытуға дайынбыз», — деген ойымен Дидар Ашимхан бөлісті.

Дидардың оқиғасы— кәсібіне деген адалдық пен үнемі өзін жетілдіруге деген ұмтылыс арқылы кез келген сәтте көмекке келуге дайын, әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік әрі сенімді команданың қалай қалыптасатынының жарқын үлгісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ