Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЭкономика

Елімізде 22,7 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 14,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 88,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 22,7 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,3 центнер өнімділікпен 2,6 млн тонна картоп және гектарына 306,7 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 323,6 ц/га өнімділікпен 428,8 мың тонна қырыққабат, 440,5 ц/га өнімділікпен 1017,6 мың тонна пияз, сондай-ақ 288,3 ц/га өнімділікпен 359,6 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Сәйкес жаңалықтар

Бұл – елімізде ірі агроөнеркәсіптік кластер қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі

zamandas69@mail.ru

Қазақстан этноспортты жаңғыртуда үлгі боларлық қадамдар жасап келеді

Елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall орталық  жойылды