Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы еліміз Оманды араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп қарастыратынын жазды.Сонымен қатар Астана мен Масқат арасындағы достыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Astana IT University – MIT жаһандық желісіне қосылған Қазақстандағы алғашқы университет

Unico Play Гонконгтағы Filmart алаңында Қазақстан киноиндустриясының деректерін ұсынды

Аида Балаева мен Фам Тхи Тхань Ча Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады