Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Батыстан Шығысқа дейін» атты музыкалық кеш өтті

Фото: iStock

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Батыстан Шығысқа дейін» атты классикалық музыка кешін өткізді. Көрермен әлемдік музыканың інжу-маржан туындыларын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарламада Л. В. Бетховеннің «Кориолан» увертюрасы мен №5 симфониясы, сондай-ақ Д. Шостаковичтің скрипка мен оркестрге арналған №1 концерті орындалды.

Кешке Түркияның танымал музыканты, Карнеги-холл, Музикферайн, Линкольн орталығы және Ла Скала театрында алғаш өнер көрсеткен түрік дирижёрі Хакан Шенсой жетекшілік етті. Солист ретінде халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық жас скрипкашы Диана Мақажан сахнаға шықты.

Сәйкес жаңалықтар

Интернет-платформалар – салық агенттері және ауылды қолдау: Жобалық кеңсенің 10-шы отырысының қорытындысы

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек