Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Ыстамбұлда «Қазақконцерт» әртістері өнер көрсетті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Ыстамбұлда өнер көрсетті.

Кеште ұлттық, дәстүрлі мұра жаңаша ұсынылды. Концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты. Танымал өнер иелері ұлттық дәстүр мен тарихи мұраны заманауи музыкалық өңдеуде орындады. Атап айтсақ, Құрманғазы Сағырбайұлының, Үкілі Ыбырайдың, Қорқыттың, Сәкен Сейфуллиннің, Нұрғиса Тілендиевтің, қазақ және түрік халық әндері мен т.б. туындылар ұсынылды.

Іс-шара Қазақстанның музыкалық мұрасын түрік халқына таныстырып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға арналған алаң болды.

Сәйкес жаңалықтар

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы  

Цифрлық теңгемен төлем жүргізу үшін интернеттің қажеті жоқ

1800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған