Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Павлодар облысында мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шарбақты ауданында полицейлер патрульдеу кезінде күдікті әрекет жасап, жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті байқаған. Заңды тоқтау талабына жүргізуші жауап бермей, жылдамдықты арттырып, қозғалысын жалғастырмақ болған.

Полиция қызметкерлері қуып жетіп, жолды бөгеп, мүмкін болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алды. Нәтижесінде көлік тоқтатылып, жүргізуші ұсталды.

– Медициналық тексеру жүргізушінің мас күйде болғанын растады. Мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деді Шарбақты ауданы полиция қызметкерлері.

Полиция көлікті мас күйінде басқару — ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі екенін және оның ауыр салдарға әкеп соғатынын ескертеді.

Сәйкес жаңалықтар

Көлік жүйесі – әрбір елдің дамуының көрінісі

Миссияның басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын нығайту

Алғыс айту күні: Ұлттық ұлан жауынгерлері бейнеқұттықтау жолдады

zamandas69@mail.ru