ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

0
16
үркістан қаласындағы «Olympic Center» заманауи спорт кешенінде таеквондодан (WT) жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысқан дода тартысқа толы жекпе-жектермен ерекшеленді.
▪️Жарыс қорытындысында Түркістан облысының жас таеквондошылары өңір намысын абыроймен қорғап, жалпы есепте 5 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
🥇 Алтын жүлде иегерлері:
Акрамова Шахризада – 42 кг
Өтеген Балгерім – 68 кг
Сұлу Абибулла – 46 кг
Ғазиз Бекзат – 78 кг
Аманай Құралбаев – +78 кг
🥈 Күміс жүлде иегерлері:
Төлепбергенов Нұрислам – 45 кг
Нәлібай Жаншуақ – 59 кг
Құттыбай Нұрсәт – 68 кг
Бекбау Маханбетәлі – 78 кг
🥉 Қола жүлде иегерлері:
Сейдазова Нұрай – 44 кг
Жанболат Бегжан – 45 кг
▪️Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 709 жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
▪️Айта кетейік, чемпионатта жеңімпаз атанған спортшылар сәуір айында Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ