Олимпиадаға дайындық Алматыдан басталады – Мырзағали Айтжанов

0
101
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов спортшылардың келесі жылға жоспары туралы айтып берді. Ол ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі боксшыларының келесі жылы маңызды жарыстарға қатысатынын, осыған байланысты  команданың жаттығу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Қазір команданың біраз мүшесі Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз жақында «Чемпиондар түні» кешінде бақ сынады. Кезекті жаттығу жиыны жаңа жылда басталады. Қаңтарда Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында, тауда жалпы дене жаттығуы бойынша жиын өтеді.  Жиынды үш кезеңмен өткіземіз деген жоспар бар. Жалпы дене жаттығудан соң арнайы дене жаттығуына көңіл бөлеміз, – деді бас жаттықтырушы.

Оның айтуынша, содан кейін техника мен тактиканы күшейтуге арналған жиын болады. Келесі маусымда ұлттық құрама Олимпиадаға іріктеу турнирлеріне қатысады. Команданың мақсаты – мейілінше көбірек жолдама алу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ