Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстандық форель Анталиядағы аквашаруашылық көрмесінде таныстырылды

Түркияда балық шаруашылығы саласы бойынша екі халықаралық іс-шара өтті — су биоресурстарын өсіруге арналған 11-ші ғылыми-практикалық семинар және аквакультура бойынша 1-ші халықаралық көрме. Аталған іс-шараларға Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан сынды бірнеше елдерден ғылыми қауымдастықтың, бизнес-құрылымдардың, инвестициялық компаниялардың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан атынан бұл іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты. Комитет төрағасы панельдік және пленарлық отырыстарға аквашаруашылық саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір білдірді. Сондай-ақ, су биоресурстарын өсірудің заманауи технологиялары таныстырылды, сондай-ақ халықаралық кооперация мен инвестициялар тарту мәселелері қаралды.

Халықаралық көрмеде отандық жетекші компаниялардың өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтайская форель» ЖШС өз өнімдерін таныстырып, форельді өнеркәсіптік негізде өсіру саласындағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.

2017 жылдан бастап компания серіктесі «Гранд Фиш» ЖШС-мен бірлесіп Өскемен су қоймасында форель өсіру жобаларын табысты жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда «Алтайская форель» Қазақстандағы аквашаруашылық саласындағы көшбасшылардың қатарына кіреді. Компанияның тұрақты өндірістік қызметі мен орнықты қаржылық-экономикалық көрсеткіштері жоғары кәсібилік пен тиімді басқару деңгейін айқын көрсетеді.

Сәйкес жаңалықтар

«Екі адам қаза тапқан жол апаты»: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тергеу аяқталып жатыр

Қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін ағаштардың көшеттерін тегін ала алады

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты