Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Алматылық спортшылар халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғады

Пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия-Океания ашық чемпионатын сәтті аяқтады.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, байрақты бәсекеге 23 елден 250-ден астам үздік спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 45 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Қытайдан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Алматылық спортшылар халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғады. Гауһар Өмірзақова өз салмақ дәрежесінде жалпы нәтиже бойынша күміс медаль иеленіп, жеке есепте 4-орын алды.

Сонымен қатар, тағы бір алматылық спортшы Баққожа Жақсылық жеке есепте де, жаттығулар қосындысы бойынша да 5-орын иеленіп, үздік бестікке енді.

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті

Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі

Жалған жарнама үшін жауапкершілік күшейтіледі