Петропавл тұрғынынан жарты келіге жуық гашиш тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі сату күдігімен 57 жастағы Петропавл тұрғынын ұстады. Тергеу мәліметінше, ер адам тыйым салынған заттарды қолдан қолға өткізіп келген.
Ұстау кезінде одан гашиш салынған 3 түйіншек тәркіленді. Тұрғылықты жерін тінту барысында сатуға дайындалған қосымша есірткі партиялары мен есірткі тұтынуға арналған қолдан жасалған құралдар табылды. Жалпы тәркіленген гашиштің салмағы 463 грамнан асты.
Медициналық сараптама нәтижесінде азаматтың каннабиноидтарды тұтыну салдарынан есірткілік мас күйде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 96 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, заңсыз айналымнан шамамен 12 келі есірткі заттары тәркіленген. Оның 7,5 келісі синтетикалық есірткілер.
Полиция есірткі тарату арналарының жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын хабарлады.









