Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіпҚоғам

Ақтауда аса ірі көлемде гашиш сақтаған күдікті ұсталды

gov.kz

Ақтауда аса ірі көлемдегі есірткі сақтаған күдікті ұсталды.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасы қызметкерлері, сондай-ақ полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының мамандары мен Кира қызметтік-іздестіру иті қатысқан бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.

Тексеру нәтижесінде күдіктіден жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сәйкес жаңалықтар

Көше кезіп күнелткен Арман Қайназаровтың туыстары оның не себепті бұндай жағдайға тап болғанын айтып берді

Жастар саясаты саласында ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті.

Атырауда мектеп түлектері суға батып кетті