Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Түркістанда кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған семинар өтті

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинарға мемлекеттік органдар мен мәдениет саласының өкілдері, кітапхана мамандары, ақын-жазушылар, журналистер және баспагерлер қатысты.

Жиын барысында қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, отандық кітап индустриясын дамыту, ұлттық әдебиетті насихаттау және оқырманның кітапқа қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының барысы туралы ақпарат беріліп, 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасы таныстырылды. Құжатта отандық авторлар мен баспаларды қолдау, кітапханалар жұмысын жаңғырту және қоғамда кітап оқуды тұрақты дағдыға айналдыру көзделген.

Сәйкес жаңалықтар

1 наурызда елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады

zamandas_kz

АЛМАТЫДА ТҮРІК БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

zamandas_kz

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

zamandas_kz