Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылық және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиынға мұнай-газ, құрылыс компанияларының, ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары қатысты.
Күн тәртібінде өндіріс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жалақыны уақытылы төлеу, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Аймақ басшысы кәсіпорындардағы тұрақты әлеуметтік ахуал, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау, әл-ауқатын арттыру маңызды міндет екенін атап өтті.
«Еңбек шартының сақталуына, жалақының уақытылы берілуіне, қауіпсіздік талаптарына қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс.  Адал еңбек лайықты бағаланып, маңдай терімен тапқан табыс уақытылы төленуі қажет. Барлық жауапты басқармалар мен департаменттерге ескертемін, бұл бағыттағы жұмысты босаңсытуға, немқұрайлықарауға жол берілмейді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжілісте жауапты сала басшыларына мұнай-газ компаниялары мен кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу, еңбек заңнамасының сақталуын және жалақының уақытылы төленуін бақылау тапсырылды. Сондай-ақ өндірістік нысандардағы өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалау, жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейту міндеттелді. Экологиялық талаптардың сақталуы да ұдайы бақылауда болуы қажет.
Құрылыс саласына жауапты басқармалар мен қала, аудан әкімдіктеріне жұмыс сапасы мен
мерзімін бақылау жүктелді.

Ал ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы шаруашылықтардың қаржылық-экономикалық жағдайына, жұмысшылар алдындағы міндеттемелеріне және жер ресурстарын тиімді пайдалануына талдау жүргізуі тиіс.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысында жарылыстан зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі

zamandas_kz

Павлодарда ат спортының дамуына серпін беретін жаңа ипподром ашылды

zamandas_kz

Қырыққұдық ерікті өрт сөндіру пункті әрдайым жауынгерлік дайындықта

zamandas_kz