Қазақстандықтарға үйіне кімнің тіркелгені туралы SMS келетін болады

0
578

Қазақстанда үйге біреу тіркелген жағдайда баспананың иесіне тіркелген адамның деректері жазылған SMS келетін болады. Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе, тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы енгізгенін хабарлады.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар бөтен адамдар азаматтардың үйіне жасырын тіркелген жағдайларда мәселені шешеді.

«Қазақстандықтар маған үйлерінде бейтаныс адамдардың тіркелгені туралы жиі жазып жатады. Аталған жаңа сервис бұл мәселені шешуі тиіс. Егер біреу сіздің қатысуыңызсыз ХҚО арқылы үйіңізге бөгде адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарлама арқылы бірден біле аласыз. Сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтарға тұрғылықты тіркеу қызметін 2019 жылдан бері көрсетіп келеді. Бұған дейін онымен ХҚО-да орналасқан көші-қон қызметінің мамандары айналысқан болатын. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213