Қазақстанда жыл сайын 100-ден астам әйел сепсистен қайтыс болады

0
333

Маңғыстау облыстық ауруханасында сепсис, септикалық шокты диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілі тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр. Үш күнге жалғасатын оқуға облыстағы реаниматолог-анестезиологтар қатысуда, – дейді zamandas.kz сайты облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баяндамашы – анестезиолог-дәрігер, біліктілігі жоғары санатты дәрігер-реаниматолог, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының онкогематологиялық реанимация бөлімінің меңгерушісі Евгений Меренков.

«Әйелдердің жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі сепсистен өлуі  – өте жоғары. 2020 жылы елде сепсистен 156 әйел қайтыс болды. Бұл көрсеткіштерді төмендету үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі тренинг дәрігерлер үшін өте қажет және пайдалы болады. Себебі науқасты бүгінгі кезеңге қалай бағыттау керек, антибиотиктер қалай беріледі және терапияны қалай бастау керек деген сұрақтарға жауап табылады. Қазақстан акушерлік және жалпы екі хаттама қабылдады, биыл халықаралық хаттама шықты. Мұның барлығы пациенттердің күтімін жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер, тек сепсисті емдеп қана қоймайды. Олар барлық пациентпен, соның ішінде ковидпен ауыратын науқастарға және әртүрлі патологиясы бар науқастарға қарайды. Ал бұл өз кезегінде бізге білімді жаңартуға және емдеуді жақсартуға мүмкіндік береді», – дейді Евгений Меренков.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ