Президент Үкіметке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырды

0
255

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырды, деп хабарлайды zamandas.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Жедел әрекет етуді талап ететін мәселелерге де тоқталғым келеді. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайыз болды. Менің тапсырмаммен алыпсатарлық сызбасын тергеу жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Нәтижесін Президент те, азаматтар да көрмейді. Президент әкімшілігі мән-жайды анықтап, бір апталық мерзімде баяндауы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент азық-түлік инфляциясы 6 пайыздық деңгейден асып түсетіндігіне назар аудартты.

«Ендігі уақытта өсім қысымымен азық-түлік бағасы 6 пайыздық деңгейден асып түсетіндігі анық. Үкіметке және Ұлттық банкке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді . Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ