Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстанда пияз экспортына шектеу қойылды

2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пияз әкетуге тыйым салынды.

«Қазақстан Республикасының аумағынан пияз әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында.

Ведомствоға бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.

17 қаңтарда министрлік сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымбұлақта әлемнің 30 елінен келген 150 журналист шаңғы тепті

300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.

Азаматтарды осы бастаманы қолдап, Арал өңірін қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады