Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҒылым-БілімҚоғам

Аида Балаева мен Одри Азуле ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «La France s’engage» қорының президенті Одри Азулемен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар «La France s’engage» қорымен бірлескен бастамаларды дамыту мәселелерін талқылады. Қордың негізгі миссиясы – Франциядағы әлеуметтік және экологиялық инновацияларды қолдау әрі ілгерілету. Атап айтқанда, қор білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік бейімдеу және цифрлық мүмкіндіктердің тең қолжетімділігі салаларындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерге тың шешім ұсынатын жобаларға қолдау көрсетеді.

Әңгіме барысында білім беру, экология және цифрлық тең қолжетімділік бағыттарында ынтымақтастық орнату жөніндегі бастамалар қаралды. Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және жастардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау серіктестіктің перспективалы бағыттарының бірі ретінде аталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Сәйкес жаңалықтар

Айдабол ауылының тұрғындары өз елді мекенінен шықпай-ақ сапалы медициналық көмек ала алады

СИМ бір уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы баяндады. Үкімет UTC+5 қолдайды

Тасқынның алдын алуға 7 млрд теңге бөлінді деген өтірік – вице-министр