Палестинада жер сілкінді
Палестинада күші 4,8 балл жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерасты дүмпуі Иерусалим, Рамалла, Наблус қалаларында сезілді.
Зілзала туралы «Анадолы» агенттігі Палестинаның WAFA агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Наблус қаласындағы Джалал Әл-Дубейкі сейсмологиялық орталығы директорының мәліметінше, жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ресми дерек тіркелген жоқ.