Мысырда пойыз апатынан 2 адам қайтыс болды

0
177

Мысырда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, теміржол станциясына соғылған.

Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, 23-і жарақат алды. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар зардап шеккен жолаушыларды вагон ішінен алып шығып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала нұсқа бойынша машинист жылдамдықты асырып жібергенге ұқсайды.

Мысыр прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ