Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

1 шілдеде темекі қымбаттайды

сурет ашық дереккөз

1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қаржы министрінің бұйрық-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллалар мен қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

– 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 710 теңге;

– 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін», – делінген бұйрық-жобасында.

Министрлік түсіндірмесіне сай, темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағаларының өсуіне мыналар себеп:

– 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14% көтерілді;

– импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% өсті;

– темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенді;

– 2022 жылы инфляция 20,3% құрады.

Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов Мәтібұлақ ауылында ерікті өртке қарсы пункт ашты

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ