Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Жауын, бұршақ, шаңды дауыл: 6-8 мамырға ауа райы болжамы

Сурет ашық дереккөз

Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.

Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайды: күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автокөлік тоннелі ашылып, пайдалануға берілді

Досаев жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған Наурыз мейрамына қатысты

Бетперде киген жомарт жан 30 отбасыға баспана сыйлады