Блогерлер салық төлеп, әлеуметтік желілер қазақша «сөйлейді»

0
236

15 мамырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында онлайн платформалар және онлайн жарнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Ол қандай өзгерістер?

Енді заңнамада «инфлюенсер» ұғымы бекітілетін болады. Ал әлеу­мет­тік желілерде жарнама орна­лас­тыратын азаматтар салық төлеуге мін­деттеледі. Яғни, қазір «блогер» ата­лып жүрген әлеуметтік желіде ау­ди­­ториясы бар, сол арқылы жарнама ор­­наластырып, ақша тауып жүрген аза­маттарға салық салынатын бо­ла­д­ы.
Депутаттар бұл қадам әлеуметтік же­лілерде қаржылық пирамидалар мен жалған қайырымдылық шара­ла­рын ұйымдастырып, халықтан ақша жи­нап жатқандардың көбейгеніне бай­ланысты жасалып отырғанын айт­ты.
Сонымен қатар парақшасына жар­­­нама орналастырған блогерлер оның жарнама немесе PR материал еке­нін, яғни оған ақы төленгенін көр­сетуі керек. Яғни, контентке ар­найы белгі қойылады, яғни халық кон­тенттің жарнама екенін білуі ке­рек. Депутаттардың сөзінше, бұл – әділет­тілік мәселесі және жеке тұл­ғалардың құқығын қорғау.
Сондай-ақ инфлюенсерлердің ар­найы шоты болуы керек. Сол арқы­лы кіріс-шығыс туралы барлық ақпа­рат, салық төлемдері ашық болады.
Заң жобасының тағы бір бөлігі ті­ке­лей онлайн платформаларға ар­нал­ған. Бұл нормалар әлеуметтік же­­лілерге, 100 мыңнан астам қол­дану­шысы бар TikTok, Instagram сияқ­ты платформаларға қатысты.
Депутаттардың түсіндіруі бойы­н­ша, мұндай онлайн платфор­ма­лар­дағы контентті қазақ тіліне авто­мат­ты түрде аудару жүйесі енгізіледі жә­­­не онлайн платформалардың өз­дері де қазақ тіліндегі контентті мо­де­рациялай алуы керек. Яғни, әлеу­меттік желілердегі қазақ тілінің қол­­­данылу мәселесі де қамтылған.
Сонымен қатар заңға «жалған ақ­парат» және «заңсыз ақпарат» ұғым­дары енгізіледі. Бұл үшін 2 АЕК айып­пұл белгіленбек. Депутат Айдос Са­рым бұл кибербуллинг туралы заң­ды әзірлеу кезінде көтерілген бас­та­малардың жалғасы болатынын тү­сін­дірді және сөз бостандығы шек­телмейтінін айтты.

Блогерлер салық төлеп, әлеуметтік желілер қазақша «сөйлейді»

Айдос САРЫМ, Мәжіліс депутаты:

Заң баспасөз бостандығын, сөз еркіндігін шектемейді

            – Мәжіліс жұмысына 7 де­путат ұсынған онлайн плат­фор­малар мен онлайн жарнамаға қа­тысты заң жобасы Мәжілістің қа­рауына келіп түсті. Бұл, негізінен, болашақтағы Са­лық кодексі сияқты үлкен құжаттардың дайындығын қам­тамасыз ету үшін әзірленіп жатқан құжат. Оған на­тив жарнама, таргет жарнамасы деген сияқты көптеген жа­ңа ұғым енгізіліп жатыр. Яғни, нақты бір мақсаты бар жарнамалар. Осыған байланысты нақты баптар ен­гізіліп жатыр. Осының негізінде мемлекеттік орган­дары­мыздың, қаржы органдары, салық органдары бәрі тиісті топтармен, тиісті мүдделі ұйымдармен жұмыс іс­теуге мүмкіндік алады.
Дегенмен менің ойымша, бұл жерде ең бірінші – әді­леттік мәселесі. Мысалы сіз жалақы алсаңыз да, жарнама бер­сеңіз де оның салығын төлейсіз. Ал кей азаматтар заң­наманың осал тұсы мен олқылығын пайдаланып, са­лықтан жалтарып, тікелей ақша алып жатқан жайттар аз емес.
Осы заң арқылы жекелеген тұлғалардың құқығын қор­ғауға мүдделіміз. Мәселен, сіздің әлеуметтік желіде па­рақшаңыз бар делік. Өзіңіздің пікіріңізді еркін біл­діресіз. Бірақ сіз осы үшін ақша алып, жарнама беретін бол­саңыз, сіз, біріншіден оны заңдастыруыңыз керек, екіншіден, арнайы жарнама деген белгі қоюыңыз керек. Газет, сайт, телеарнадағы контенттерді қарапайым аза­мат ненің – жарнама, ненің PR материал екенін анық­тай алатыны сияқты, әлеуметтік желіде де айқын көрі­ніп тұруы керек.
Екіншіден, бұл заң қабылданып, Президент қол қоя­тын болса, онлайн платформалардың жұмысы осы ар­қылы реттелетін болады. Яғни, қолданушының саны белгіленген аудиториядан асқаннан кейін бұл онлайн плат­форма кем дегенде 3-4 мәселені қамтамасыз етуі керек.
Әуелі біздің мемлекеттік органдар мен мемлекеттік тіл­ді дамыту бағытында бірігіп жұмыс істеуі керек. Яғни, кез келген әлеуметтік желінің контенті қалай орыс тілі­нен испан тіліне немесе испан тілінен орыс тіліне ау­да­рылатын болса, қазақшаға да солай аударылуы ке­рек.
Содан соң заңсыз контент болса, оны өздері модера­ция­лайтын деңгейге жетуі керек. Мекемелерінде, ком­панияларында қазақ тілін білетін мамандар болуы ке­рек. Бұл мәселені 2 жылдан бері көтеріп келеміз, қазір н­әти­ж­еге қол жеткізіп жатырмыз. Мәселен, TikTok-тың қазақстандық нарыққа қызығушылығы зор.
Үшіншіден, тағы бір маңызы – жалған ақпарат таратушыға қатысты баптарды сәл де болса жеңілдетеміз. Яғни, жазаны жұмсартып жатырмыз. Тиісті кодекске өзгерістер енетін болады.
Сонымен қатар болашақта жаңа салық кодексі қа­был­данғанда, салық институттарына жақсы мүмкін­дік­тер беретін, кімнің-кім екенін, қаржы пирамидасы ма, қайырым­дылықпен айналыса ма, анықтауға жеңіл бо­ла­тын жағдайлар жасалады. Қазір білеміз, халықтан мил­лиардтаған қаржы жинап жатады, оның қайда кетіп жатқанын тағы білмейміз, одан салық та төлемейді. Негізі, заң осыған бағытталған.
Тағы ерекше, баса айтатын мәселе – бұл заң баспасөз бос­тандығына, сөз еркіндігіне ешқандай қиянат жаса­май­ды, шектемейді. Бұл заң осы саладағы қаржылық-са­лықтық, ұйымдастыру мәселелерін шешуге арналған. Сес­сияның соңына дейін қабылданады деп жоспарлап отыр­мыз, әлі талқыланады, жан-жақты қаралады, сала ма­мандарымен кеңесетін боламыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз