Еліміздің жаңа картасы

0
502

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің жаңа саяси-әкімшілік картасын таныстырды.

Жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 3 мамырында республикада Абай, Жетісу, Ұлы­тау облыстары құрылған болатын. Осылайша, Қазақстанның саяси-әкім­шілік картасы Алматы, Шығыс Қа­зақстан, Қарағанды облыстарының жаңа шекараларын, сондай-ақ жаңа­дан құрылған облыстардың қалай орналасқанын көрсетеді. Сонымен қа­тар ведомство Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының тақырыптық карталарын, сонымен бірге олардың облыс орталықтарының жоспар-схемаларын таныстырды.

Осылайша, министрлік масштабы 1:1 500 000 болатын еліміздің саяси-әкімшілік картасын, масштабы 1:1 000 000 болатын Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының карталарын жаңартты, ал Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының карталарын жасады. Сонымен қатар масштабы 1:25 000 болатын Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының жоспар-схемаларын, масштабы 1:10 000 болатын Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жос­пар-схемаларын әзір­ле­ді.

«Осыдан тура бір жыл бұрын ел Президентінің жаңа облыстарды құру туралы Жарлығы шықты. Бұл аталған өңірлердің экономикалық өсуіне серпін бергені сөзсіз. Карталарды әзірлеу – Президенттің осы шешімін іске асыру жолындағы кезекті бір қадам. Өндірілген картографиялық және геодезиялық материалдар мен деректер мемлекеттік басқаруда, елдің инфрақұрылымын дамытуда, мемлекеттің қорғанысы мен қа­уіпс­іздігін қамтамасыз етуде, нави­га­циялық қызметтер саласында және адам қызметінің басқа да салаларында шешімдер қабылдау кезінде аса маңызды әрі қажетті геокеңістік негізі болып саналады», деді Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Жаңа карталар барлық мүдделі мем­лекеттік органға берілді. Соны­мен қатар карталарға жеке және заңды тұлға­лар да қол жеткізе алады. Ол үшін «Гео­де­зиялық және картографиялық қыз­мет субъектілеріне жос­парланып отыр­ған жұмыс учас­ке­лерінде жер­гі­лікті жер­лер­дің геодезиялық және кар­то­гра­фия­лық жа­ғы­нан зерде­лен­ген­дігі туралы тиісті мәлі­меттер беру» мемлекеттік қызметін таңдап, Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орта­лы­ғына өтінім беру қажет. Бар­лық картаны визуалды түрде және таң­дау үшін nkgf.kz. сайтынан көруге бо­лады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мем­ле­кеттік органдардың сұрауы бойынша 49, жеке және заңды тұлғалардың өті­нім­дері бойынша 225 тақырыптық карта ұсынылған.

Фархад ҚАЙРАТҰЛЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Маңғыстауда семіздікке шалдыққандардың асқазанын кішірейту үшін екі ота жасалды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213