Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Назарбаев университетінің президенті отставкаға кетеді

Университет мәліметінше, Шигео Катсу 15 маусымда отставкаға кетеді, деп хабарлайды Назарбаев университетінің баспасөз қызметі. 

«13 жылға жуық қызметінен кейін президент Ш.Катсу өз қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы президент Катсуға Назарбаев Университетінің Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болуына көмектескен көрнекті көрегендігі мен тиімді көшбасшылығы үшін зор алғысын білдіреді», делінген хабарламада.

Шигео Катсу президенттік қызметінен кеткеннен кейін Назарбаев университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қалатыны хабарланды. Сондай-ақ ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғарғы қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметін жалғастырады. Шигео Катсу университет президентінің кеңесшісі қызметін де атқарады.
Әзірге Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқарады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

Балалардың тұлғалық және зияткерлік дамуына бағытталған қосымша білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуде

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды