Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Камчаткада жанартау атқылай бастады

Камчатканың Ключев шоқысында күшті жанартау атқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта жанартау өңір тұрғындары мен авиацияға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Жанартауды мамандар бақылап отыр. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыстағы бөлімшесінің Вулканология және сейсмология институтының Камчаткадағы жанартау атқылауына қарсы әрекет ету тобының жетекшісі Ольга Гирина хабарлады.

Вулканологтар Камчаткадағы Ключев шоқысында жанартаудың белсенділік белгілері байқалғанын бұған дейін де хабарлаған.

Айта кетсек, Ключев шоқысындағы жанартау бұған дейін 2020 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың ақпаны аралығында атқылаған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Оңтүстік өңірлерде 804 мың гектар егіс егілді

Огайодағы пойыз апаты: 40 мыңнан астам су жануары қырылып қалды

ҚазМұнайГаз еріктілері Атырауға бір тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді