Қазақстандық миллиардер «Формула-1» командасын сатып алды

0
238

Қазақстандық миллиардер Владимир Ким алты жарыс көлігінен тұратын Hitech Global Holdings компаниясының 25% акциясын сатып алды деп хабарлады turkystan.kz.

Hitech-тің хабарлауынша, бұл Кимнің спортқа бөлген алғашқы инвестициясы емес.

«Ол Геннадий Головкин мен Серік Сәпиевке, сондай-ақ WTA және ATP рейтінгілерінде алдыңғы орыннан көрінген қазақстандық теннисшілерге көмектесті», – делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Ал Ким бұған дейін өзінің автоспорттың жанкүйері екенін айтқан болатын.

«Автоспорттың қарқынды дамуы, танымалдылықтың артуы, бизнестің маркетингтік мүмкіндіктері және өсіп келе жатқан жанкүйерлер базасы менің жеке және коммерциялық мүдделеріме сәйкес келеді» – деді ол.

Hitech GP жарыс көлігі 2002 жылдан бастап Формула-2 және Формула-3 чемпионаттарында өнер көрсетеді. Жақында олар Формула-1 лицензиясын сатып алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ