Басшылар кабинетте отырмай жұмыстың бел ортасында жүруге тиіс – Смайылов

0
136

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдер, министрлер және бірінші басшыларды жұмыс істеуге шақырды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтылмаған. Біз осы мәселені маусым айында әдейі ертерек қарап отырмыз. Жылыту маусымының басталуына дейін уақыт жеткілікті. Жөндеу жұмыстарының бекітілген кестесі бар. Оларды бұзуға болмайды. Қазірдің өзінде біз әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысынан бірқатар кемшілікті көріп отырмыз», – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, кей өңірлерде жылу маусымына дайындық жұмысы баяу жүріп жатыр.

«Бірінші басшылардың, әкімдер мен министрлердің жауапты орынбасарлары кабинетте отырмай жұмыстың бел ортасында жүруге тиіс. Проблемаларды объектінің басында шұғыл шешу қажет. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ, жаз ортасы келіп қалды. Тәулік бойы жұмыс істеу керек, бізде құрылыс маусымы өте қысқа, сондықтан тәуекел де жоғары. Егер жаз біткенше жағдай жақсармайтын болса, онда жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылданады», – дейді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ