Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 200-ге жуық адам жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша он күнде 200-ге жуық адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, шілденің 1-10 аралығында Шымкент полициясының «102» арнасына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 191 шақырту түскен. Оның ішінде 10 шақырту бойынша жәбірленушінің арызынсыз, учаскелік инспектордың анықтауымен әкімшілік іс қозғалды.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 92 адамға, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 31 адамға және ұрып-соғу бойынша 5 азаматқа қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік іс қозғады. Құқықбұзушылықтар бойынша дер кезінде жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агрессор 31 құқықбұзушыға қатысты 24 сағатқа әкімшілік ұстау шарасы қолданылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әкімшілік істер сотқа жолданды, қазір сот шешімімен 14 ер адам әкімшілік қамауға алынды.

Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 112 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 1 ай мерзімге профилактикалық есепке алынды. Ал 9 азаматтың мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.

Айта кетсек, 1 шілдеден бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілген өзгерістер өз күшіне енді.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Құрбан айтта астаналықтар автобуста тегін жүре алады

Кино және сахна тілін қадағалау функциясы енгізілгені жөн