Чемпиондар лигасы: «Астана» Тбилисидің «Динамосымен» тең түсті

0
53
Фото: fcastana.kz

Астанада футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу турнирінде «Астана» өз алаңында Тбилисидің «Динамо» командасымен кездесіп, тең түсті.

Ойынның 11-минутында «Астана»клубының шабуылшысы Абат Айымбетов қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Одан кейін де жергілікті команда есепті еселеуге тырысты.

Екінші таймда Тбилисидің «Динамосы» құрамындағы Габриел Сигуа таразы басын теңестірді. Бұдан кейін «Астана» екінші голды салуға барынша тырысып еді. Алайда ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Енді екі команда арасындағы келесі матч 19 шілдеде Грузияның астанасында болады.

Бұған дейін «Астана» Чемпиондар лигасының 2015-2016 жылғы маусымында турнирдің топтық кезеңінде өнер көрсетті.

Ал 2016, 2017, 2018 жылдары Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Динамо» (Тбилиси, Грузия) – 1:1

Голдар: Айымбетов, 11 (1:0). Сигуа, 57 (1:1).

Ескерту: Александр Каландадзе, 51.

«Астана»: Йосип Чондрич (Қ) – Ян Вороговский (Эльхан Астанов, 88), Алекса Аманович, Абзал Бейсебеков (К), Вараздат Ароян, Михаил Габышев (Камо Оганесян 16) – Макс Эбонг (Аслан Дарабаев, 88), Душан Йованчич – Фабиен Урега (Тимур Досмағамбетов, 73), Марин Томасов, Абат Айымбетов (Дембо Дарбо, 73);

Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (Қ), Данил Подымский (Қ) – Исламбек Қуат, Нұрәлі Жақсылық – Владислав Прокопенко, Станислав Басманов;

Бас жаттықтырушы: Григорий Бабаян.

«Динамо» (Тбилиси): Георгий Лория (Қ) – Давид Кобоури (Александр Каландадзе, 46), Джемал Табидзе, Гаги Маргвелашвили, Николоз Мали (Георгий Майсурадзе, 72) – Барнс Осей (Леван Осикмашвили, 72), Георгий Хараишвили (Саба Хвадагиани, 72), Имран Улад Омар (Мусса Сангаре, 81) – Усман Камара, Габриэль Сигуа, Давид Схиртладзе;

Қосалқы құрам: Давид Кереселидзе (Қ), Лука Куталадзе (Қ) – Лука Лаквехелиани – Георгий Мойсцрапишвили – Джадули Иобашвили;

Бас жаттықтырушы: Георгий Чиабришвили.

Бас төреші: Кристиан-Петру Чокирка;

Төрешінің көмекшілері: Максимилиан Вайсс, Михаэль Обрицбергер;

Төртінші төреші: Харальд Лехнер (бәрі – Австрия).

12 шілде, 2023 – 20:00. Астана, «Астана Арена». 27 328 адам.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ