225 млн теңге жымқырған бас бухгалтер ұсталды

0
180
Фото: ашық дереккөз

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденіп, жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірігіп мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы азаматтардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.

Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.

Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген, –  делінген Антикордың хабарламасында.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ