ШҚО-да 3 адам смартфонға тыйым салынған діни аудиоларды сақтап жүрген

0
142
фото: adaspa.kz

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жыл басынан бері ҚР аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтаудың 3 дерегін анықтаған.

Барлық аудиофайлдар смартфондарда сақталған. Алғашқы фактілер қаңтар және наурыз айларында анықталды. Онда облыс орталығының 31 және 33 жастағы екі тұрғыны діни мазмұндағы материалдарды белгілі әлеуметтік желілердің біріне жариялаған. Діни материалдар тәркіленді.

Үшінші дерек мамыр айында анықталды. Онда Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны ұялы телефонына тыйым салынған діни мазмұнды аудиокітапты сақтаған.

Жиналған материалдар дін істері басқармасына жіберіліп, дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша тыйым салынған діни мазмұндағы материалдардың мазмұны расталды.

Аталған азаматтар ӘҚБтК-нің 453-бабы («Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ