Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, көз жұмды

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамыз күні Павлодар қаласында сағат 22:35-те Ак. Шөкин көшесіндегі үйде 4 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

«Факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Павлодарлық полицейлер ересектерге қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.

Сәйкес жаңалықтар

Қызылордада қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Жарты жылда Астанада 15 мыңнан астам нәресте өмірге келді

Жаңа Парламент құрарда артық шығындар мен процедуралық тығырықтан бас тарттық – Елнұр Бейсенбаев