Елорда прокурорлары мұғалімдердің құқығын бұзғандарды жауапқа тартты
Фото: Halyq Uni
Олар қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізген болатын
Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, тексеріспен ұжымдық шарттың талаптары бойынша педагогтер мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомаға үстемақы төлемеу фактілері анықталған.
Басқа жағдайда, 7 мектепте қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқығы қорғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.