Елорда прокурорлары мұғалімдердің құқығын бұзғандарды жауапқа тартты

0
262

Фото: Halyq Uni

Олар қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізген болатын

Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, тексеріспен ұжымдық шарттың талаптары бойынша педагогтер мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомаға үстемақы төлемеу фактілері анықталған.

Басқа жағдайда, 7 мектепте қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқығы қорғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ