Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап тағы бір жол ақылы болады

0
321

Фото: ҚазАвтоЖол

1 желтоқсаннан бастап елімізде тағы бір жол ақылы болады. Көлік министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

«Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі (Саратов қаласына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойылды.

Енді II санаттағы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа дейін) учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Ақылы жолдың бастапқы нүктесі – 4 км, ал аяқталу нүктесі – 102+90 км. Автомобиль жолындағы жолақтың ені  3,75 метрді құрайды. Ақылы жолдың ұзындығы 98,9 км.

Дана МЫРЗАҚАДІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ