Астанадағы LRT құрылысына тағы 150 млрд теңге қажет болуы мүмкін

0
268
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде Астанада салынып жатқан LRT құрылысына келесі жылы қанша қаражат керек болатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Биыл жобаға 52 млрд теңге бөлінді. Жыл басында осы соманы министрлік енді сұрап жатыр деген ақпарат тарады. Әңгіме ол жайлы емес. Ол сома бөлініп, іргетас қазықтарын қағуға бағытталды. Ол жұмыс 96 пайыз орындалды. Ал тіреу орнату жұмыстары 76 пайызға аяқталды. Құрылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары, білуімше, 82 пайыз жасалды. Бұл – биыл аяқталған жұмыстар», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ ведомство басшысы келесі жылы жобаға қанша қаражат қажет болатынын айтты.

«Келесі жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 млрд теңге керек болады. Қазір құрылыс алаңында 1,5 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Егер жұмыс ауқымы кеңейсе, онда қосымша 150 млрд теңгеге дейін қаражат сұраймыз. Алайда нысанды аяқтау жоспары 2025 жылға көзделген. Алғашқыда 8 станция мен 5 пойыз жұмысын бастайды, – деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ