Министрліктерде артық басшы көп – Мүксімов

0
119
Фото: zakon.kz
Бұл жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов министрліктерде артық басшы көп екенін айтты, деп хабарлады .  zamandas.kz

Оның айтуынша, былтыр агенттік 4 салаға ауқымды талдау жүргізген. Олар – Сауда және интеграция, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктері.

Осылайша, біз 70-тен аса функцияны бөлу керектігін анықтадық. Мысалы, әкімдіктер мен әкімдерді төмен тұрған деңгейге қатысты. 50-ден аса ақпараттық жүйені интеграциялау және тағы басқа. Олар мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат алмасу үшін керек, – деді агенттік төрағасының орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Салауат Мүксімов министрліктерде артық басшы көп екенін атап өтті.

Бюрократияның бірінші белгісі – басқару құрылымы мен штат санының жеткіліксіздігі және артық болуы. Бұл – көбіне мемлекеттік органдарда басшы лауазымдар санының артық болу дерегі. Ол басшы құрамға жүктемені азайтуға, басқарудың тиімділігі мен жеделдігін төмендетуге, жауапкершіліктен жалтаруға, қаржылық мүмкіндікті азайтып, қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік бермейді, – деді ол.

Сондай-ақ агенттік төрағасының орынбасары бұл сөзіне нақты дәлел келтірді.

Мысалы, Экология және табиғи ресурстар министрлігінде орталық аппаратының штат саны – 122. Оның ішінде 61 лауазымды басшы және сонша орындаушы бар, яғни басқарушы және орындаушы буынның арақатынасы: бірге – бір. Сонымен қатар осы министрліктің құрылымында жеке департамент бар. Онда басқарушы және орындаушы буынның арақатынасы – 4/1-ге тең. Демек, 4 басшы және 1 орындаушы бар деген сөз. Нақты айтсақ, біз директор, директордың орынбасары, 2 бөлім басшысы және 1 бас сарапшы туралы айтып отырмыз, – деді Салауат Мүксімов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ