Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген.
 Еске сала кетейік, бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарламаның басты басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.

Сәйкес жаңалықтар

Жартыжылдық қорытынды: ғылым мен жоғары білімді дамыту, ғылыми зерттеу және халықаралық ынтымақтастық

«Келешек мектептері» моделі осындай жаңа басқару мәдениетін қалыптастырады

Тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

zd_admin