Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы мәлімдеме жасады

0
190
Фото: infosmi.net
Азаматтарға Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіну ұсынылады

5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ Robokesh.kz» ЖШС) микроқаржы ұйымының тұтынушылары саналатын қазақстандықтардың 2 млн-нан астам жеке деректерінің таралуын анықтаған болатын.

Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары тұтынушыларының 36 млн-нан астам (РФ – 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн, adengi.ru – 6.8 млн); Филиппин – 5 млн (digido.ph); Вьетнам – 2 млн (vietloan.vn) деректері анықталды.

Осылайша, жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.

Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және «МҚҰ Robokesh.kz» ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз, – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ