Құрылтайда қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалады.

0
199

Мемлекет басшысы: Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ең алдымен, мен баршаңызға Көрісу күні құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Ел арасында Көрісу күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын осы күннен, яғни Көрісу күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды болары сөзсіз.

Биыл Ұлыстың ұлы күні қасиетті Ораза айының алғашқы күндерімен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлттық Құрылтай да Әз Наурыз қарсаңында өтіп жатыр. Ұлыстың ұлы күні табиғат пен тұтас тіршілік жаңарады. Ал Құрылтайда қоғамдық құндылықтарды жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалады. Жаңару мен жаңғыру жақсылыққа жол ашады. Сондықтан Құрылтай мүшелерінің жылына бір рет алқалы жиында бас қосуы игі дәстүрге айналды.

Алғашқы отырыс Ұлт ұясы Ұлытау жерінде өтсе, былтыр киелі Түркістанда жиналдық. Бүгін тағы бір тарихи өлке – Атырау облысына келіп отырмыз. Үшінші отырыстың Жайық жағасында өтіп жатқаны тегін емес. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі» –

деп сөз бастап құрылтай өткізген болатын. Жалпы мәдениетті де кітапхана бөлімінде жалпы мемлекет басшысынан барлық салада өте жақсы қолдау болып отыр. Қазақ дәстүрін сақтай отырып тіпті Жаңа жылымыз Наурызымызды да кең көлемде аталып өтетіні сөзбен емес тіпті қазіргі күнде қолға алынған ірі шаралардың бірі боп тұрғаны да істің айтылған жұзеге асқанын көрсетеді.
Өткен кезеңге қарайлайтын уақыт жоқ жаңа басшымызды қолдап жақсылыққа,жақсы мемлекет болуға ұмтылайық. Жақсы тілек тілейік. Ел болашағы өз қолымызда.
Өткенмен өмір сүрудің адамға кедергісі көп, болашақты ойлайық елдің болашағы жарқын болсын, ел үшін тілек тілейік ұлт болашағы жарқын болсын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ