«Ертең бәрімізге сөз келеді». Ермұрат Бапи заңды түсінікті тілде жазуды сұрады

0
108
фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи кейбір экономикалық қылмыстарға жазаны жеңілдетуді көздейтін заң жобасын халыққа қарапайым тілде түсіндіруді сұрады,

Бүгін аталған заң жобасын депутат Абзал Құспан таныстырды. Құжат аясында Қылмыстық кодекстің 4 бабына өзгеріс енгізіледі. Ал Ермұрат Бапи бұл заң жобасын қарапайым қазақстандықтар түсінбейді деген пікірде.

Біз бұл заңды түсініп отырғанымызбен, оны қоғам түсінбейді. Экономикалық құқықбұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру, оған декриминализация жасау… Мұны саяси сауаты төмен қоғам қалай түсінеді? Осының атауын қоғам түсінетіндей қылуға болмай ма? Ертең біз заңды қабылдаймыз. Осылайша, президентке және бізге сөз келеді. Мемлекет басшысы заңға қол қояды. Сол кезде 5-6 депутат қана пікір білдіреміз, – деді депутат.

Ол кейін үлкен дау болмас үшін құжатты қарапайым тілде түсіндіру керектігін атап өтті.

Әлеуметтік желіде адамдар депутат Абзал Құспаннан бастап бәрімізді белгілейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Үлкен блоктарға, Тelegram, YouTube арналарына шығуы керек. Khabar мен Qazaqstan арналарының онша тиімділігі болмайды. Халық көретін арналарға шығып, түсіндіру керек.

Себебі ертең экономикалық құқық бұзылып жатса, оған декриминализация жасалса, үлкен дау болады. Осы мәселені назарға алған жөн», – деді Ермұрат Бапи.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ