Жәнібектің тағдыры: тағы 4 әйелден алынған ДНҚ қорытындысы шықты
Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Савельев Қазақстанға анасын іздеп келіп, мақсатына жете алмай, кері оралған еді. Шетел асқан қазақ баласына бірінші болып көмек қолын созғандардың бірі – журналист Қымбат Досжан желідегі парақшасында тың дерекпен бөлісті.
Қымбат Досжан тағы 4 болжамды анадан сынама алынғанын жеткізді. Өкінішке қарай, олардың да нәтижесі теріс болып шықты.
Қадыр түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз болып шықты. Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз. Қуанатын кез алда, Жани! Жауаптыларға тықыр таянды, – деп жазды журналист.
Өз кезегінде Жәнібек аталған жазба астына пікір қалдырып, анасын іздеп жатқан жандарға алғыс айтты.