Атырау облысында да төтенше жағдай жарияланды

0
68
фото: ТЖМ

Бүгін Атырау облысының әкімі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, – делінген облыс әкімінің шешімінде.

Бұған дейін мұндай төтенше жағдай Қызылқоға және Жылыой ауданында жарияланған. Қазір екі ауданда да төтенше жағдай сақталып отыр.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», мешіт маңы ауылынан 31 наурыздан бері 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Оның 7 396-сы – бала. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4 578-і – бала.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ