Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Мәдениет

Прокатқа шығатын фильмдерді әуелі арнайы комиссия көріп, тексеруі мүмкін

Фото: Kazinform

 – Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмге прокаттау куәлігін берудің тәртібіне өзгерістер енгізбекші.

Бұл өзгеріс кинотеатрға шығатын фильмдердің мазмұнын реттеп, толыққанды бақылауды енгізу үшін, сондай-ақ прокаттау куәлігін беру жөнінде алқалы шешім қабылдау үшін ұсынылып отырғаны айтылған.

«Кинематография саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы фильмдерді прокаттау куәлігін алар алдында олардың қарауын ұйымдастырады. Кинотеатрға шығатын фильмдерді көру кинематография саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған, уәкілетті органның, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдерінен тұратын комиссиямен жүзеге асырылады», – деп жазылған 26 маусымға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отырған құжат жобасында.

Сәйкес жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды

«ТІЛ ЗАҢЫНА БАҒЫНҒАН ҰЛТТЫҚ ЕМЛЕ»

zd_admin

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді