5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында тоғызқұмалақ пен мангаладан оқу-жаттығу басталды

0
150
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Бурабайда тоғызқұмалақ пен мангаладан (дәстүрлі түрік зияткерлік-стратегиялық ойыны) оқу-жаттығу жиыны басталды.

Қазақстанның ұлттық құрама мүшелері 6-17 маусым аралығында оқу-жаттығу жиынына қатысып, өз шеберліктерін шыңдайды. Бұл – тоғызқұмалақ пен мангаладан күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиыны.

Оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жолдамасын сарапқа салып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша 4 жолдама ойналады. Ерлер арасында 2, әйелдер арасында 2 спортшы анықталады. Сондай-ақ мангала бойынша да ДКО-ға қатысу үшін ерлер арасында 2, әйелдер арасында 2 жолдама сарапқа салынады, – деді тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Айнұр Жақапбаева.

Осы оқу-жаттығу жиынына тоғызқұмалақ пен мангаладан Қазақстан чемпионатында 1-4 орын алған спортшылар қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ