Соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған

0
171
Фото: Kazinform / Досбол Атажан

 – Алматыда орналасқан қалалық қан орталығында қан донорлығынан бөлек, сүйек кемігі доноры болуға болады. Бұл туралы Донорлар жинақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Әбдіқадыров айтып берді.

– Гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау – қанның қатерлі ауруларын және басқа гематологиялық ауруларды емдеудің жаңа дамыған технологиялық әдісі. Гемопоэтикалық дің жасушалары әр адамның сүйек кемігінде болады, олардан адамның барлық қан жасушалары: эритроциттер, лейкоциттер, моноциттер пайда болады. Бұл жасушалардың сүйек кемігі мен иммундық жүйенің зақымдалған функциясын қалпына келтіру қабілеті иммун тапшылығын, гематологиялық және онкологиялық ауруларды емдеуде болашағы зор екенін көрсетеді. Көп жағдайда өмірді құтқарудың жалғыз жолы – гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау, – деді Нұрдәулет Әбдіқадыров.

Дәрігердің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 300-ден астам адам сүйек кемігін трансплантациялауды қажет етеді және олардың жартысы балалар мен жасөспірімдер. Соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған. Сонымен қатар, бүгінгі күні еліміз бойынша 11 мыңға жуық адам донор ретінде тіркелуге келісім берген.

Алматыда орналасқан Қалалық қан орталығы
Фото: Kazinform / Досбол Атажан

– 18 жастан 45 жасқа дейінгі салмағы 50 келідее жоғары, ауыр аурулары жоқ Қазақстан азаматтары сүйек кемігінің доноры бола алады. Сүйек кемігінің доноры болу қауыпті емес. Іс жүзінде тұрақты қан тапсырумен бірдей, жанама әсері жоқ, донордың жасушалары 10-14 күннен кейін денеде толығымен қалпына келеді, – деп атап өтті ол.

Сүйек кемігі донорларының тіркемесіне кіру үшін:
– Қалалық қан орталығына барыңыз (Алматы қаласы Бұхар жырау көшесі №47) тел: 8(727)338-23-81, 8(707)456-00-49;
– Тіркелімге кіруге өтініш-келісімді толтырыңыз;
– Сауалнамаға жауап беріңіз;
– Фенотип талдамасын жасауға 9 мл қан үлгісін өткізіңіз (қан үлгісін өткізу күнін телефон арқылы алдын ала келісу керек);
– Донор туралы ақпарат сүйек кемігі донорларының тіркелімінің дерекқорына енгізіледі. Егер донор мен науқас арасында фенотиптер сәйкес келсе, ұлттық тіркелім қызметкері міндетті түрде донормен хабарласады.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ