ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

0
15

Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның салтанатты ашылуы өтті.

Конференцияны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов ашып, халықаралық деңгейдегi шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен бірге ҚР ДСМ ғылым және адам ресурстарын дамыту департаментінің басқарма басшысы Гүлмира Алмағамбетова, AMANAT партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Y-PEER өңірлік үйлестірушісі, UNFPA Kazakhstan өкілі Надежда Хе, Білім беру қорының президенті, Global Sapa халықаралық академиясының құрылтайшысы Тлектес Шинчужинова сөз сөйледі.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға, Қызылорда медициналық жоғары колледжіндегi конференцияға ұласты.

Айта кетейік, конференция болашақ медицина мамандарының кәсіби және ғылыми әлеуетін біріктіру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, медициналық білім берудегі инновациялық идеялар мен цифрлық технологияларды ілгерілету, қоғам игілігі үшін мейірімділік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.